Көкжөтел - жұқпалы ауру, оның қоздырғышы вогсіеііа тектес бактериялар болып табылады. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмальды жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек - тамыр, тыныс алу және жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Инкубациялық кезең - 3-тен 14 күнге дейін.
Ең тиімді алдын алу шарасы ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балалар арасында көкжөтелге қарсы үш рет вакцинациялау болып табылады. Көкжөтелге қарсы вакцинация курсы 18 айлық ревакцинациямен 2, 3, 4 айда 3 вакцинадан тұрады. Вакцинация балаларға ата-аналарының келісімімен жүргізіледі.