Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі сізге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді:
- жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын тастауға жол берiлмейдi;
- қылқан жапырақты жас өскіндерде, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерiнде от жақпау;
- шыны ыдыстарды өзiңiзбен бiрге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шепті шоғырландырып, өртеп жіберуі мүмкін;
- алау жағу енi кемiнде төрт метр минералдандырылған жолақпен көмкерілген алаңдарда жүзеге асырылады.
Алау жермен мұқият жабылады немесе бықсу толық тоқтағанша сумен толтырылады. алауды қараусыз қалдыруға болмайды. Орман және дала алқаптарынан елді мекендерге оттың етуіне жол бермеу үшін жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумақтарын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша iс-шаралар жүргізу қажет.
Табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке "101", "112" телефондары бойынша хабарлау қажет.
Ақсу қаласының ТЖБ