Суда сақ болыңыздар!
Суға түсу маусымы басталысымен су айдындарында апатқа түскен адамдардың саны күрт артады. Аудан аумағында суға түсуге (шомылуға) рұқсат берілген арнайы жабдықталған орны орталық жағажайы. Орталық жағажай шомылу үшін қауіпсіз болып табылады, қалған орындар тексерлімеген және үлкен қауіп төндіреді, сондай-ақ мұндай жерлерде шомылу ҚР ӘҚБтк 364-бабына сәйкес әкімщілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Негізінде, судағы жазым уақиғалар балаларды қараусыз қалдыру, мас күйінде шомылу және судағы тәртіп ережелерін ескермеумен байланысты болады. Успен ауданының аумағында бар су айдындарында белгіленген тәртіпте шомылу үшін рұқсат берілген жерлері жоқ екенін есте сақтаған жөн.
Суда бәлеге түспеу үшін, судағы қарапайым ережелерді мүлтіксіз орындау керек:
-тыйым салынған жерлерде суға түспеу;
-бейтаныс жерлерде суға түспеу;
-шектегіш қалқыма белгілерден (буйлардан) ары қарай жүзбеу;
-суға көпірлерден, кеме аялдайтын орындардан, бөгеттерден (дамбалардан) секірмеу;
-суға түскен (шомылып жатқан) балаларды қараусыз қалдырмау; өтіп бара жатқан қайықтар мен кемелерге жүзіп бармау;
-алкогольдік мастық күйінде суға түспеу.
Ақсу қаласының ТЖБ