«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Ақсу қаласы әкімінің шешім жобасы әзірленді (бұдан әрі - шешім жобасы).
Қаулы жобасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Шешім жобасын жүзеге асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан.