Бүгін барлық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары соңғы қоңырауды күтуде. Алда көптен күткен жазғы демалыс. Балалардың бос уақыты көбірек болады және көптеген ата-аналарда «баланың демалысын қалай ұйымдастыруға болады?» деген сұрақ туындайды. Кез келген қоғамды дамытудың негізгі басым бағыттары балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және нығайту, оларда салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады, бұл өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайының нашарлау үрдісімен байланысты. Балалардың көптеген аурулары жүре пайда болған, сондықтан балаларды емдеу ғана емес, сонымен қатар болашақта күн тәртібі мен физикалық белсенділіктің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты аурулардың пайда болуын болдырмау үшін әртүрлі балалар ұжымдарында жағдай жасау қажет. Бүгінгі таңда балалардың демалысын мектеп жанындағы, бейіндік және қала маңындағы лагерьлерде өткізуге болады.
Ақсу өңірінің аумағында "Мечта" қала сыртындағы лагері, "Ақсу" балалар эко-техноорталығы "КМҚК "Эко-Әлем" жазғы бейіндік лагері және мектептерге қарасты мектеп жанындағы және бейіндік лагерлер жұмыс істейтін болады. Қала сыртындағы "Мечта" лагері ашылу алдында рұқсат құжатын, яғни объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Балалардың жазғы демалыс объектілері барлық санитариялық талаптарға сай болуы тиіс. Маусымның ашылуына дейін лагерь басшылары жөндеу-қалпына келтіру және алдын алу шараларын жүргізіп, дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізуге шарт жасасуы қажет. Су құбыры желілерін жууды және дезинфекциялауды ерекше бақылауға алу, ас блоктарының, кір жуатын орындардың, моншалардың, душтардың, медициналық мақсаттағы үй-жайлардың өндірістік үй-жайларын ыстық сумен (су жылытқыштармен) қамтамасыз ету. Тиісті біліктілігі мен медициналық тексеруі бар мамандарды ғана ас блоктарына жұмысқа рұқсат етуге, тамақ өнімдерінің сапасын, сақтау шарттарын және жарамдылық мерзімдерін сақтауға, тамақ дайындау кезінде технологиялық процестің сақталуына, өндірістік және жеке гигиенаның сақталуына бақылау жасау қажет.
Балалар лагерлерінің тіршілік қарекеті - денсаулықты нығайту мүмкіндігі бар жүйе, оның негізгі әдісі:
- рационалды және теңдестірілген тамақтану;
- балалардың демалуының санитариялық-гигиеналық нормаларын нақты сақтау, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру;
- күннің оңтайлы режимі;
- таза ауадағы қозғалыс белсенділігі, жаяу серуендеу және экскурсиялар, жер бедерін бағдарлау дағдыларын кеңейтуге ықпал етеді;
- балалардың қызығушылығын арттыратын ойын сабақтары;
- балалардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік беретін бақылау сабақтары.
Жазғы лагерьлерде демалғаннан кейін балалар үйге позитивті, қоршаған ортаны білуге ынталы, интеллектуалды дамыған келеді. Кейбір балалар тіпті шығармашылық, ұйымдастырушылық қасиеттерге ие.
Жалпы, мектеп оқушыларының жазғы лагерьлерде болуы олардың денсаулығының жай-күйін, балалар ағзасының бейімделу механизмдерін жақсартуға және оның ресурстарын кеңейтуге ықпал етеді.