Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін"өткізеді.
Күннің басты тақырыбы - "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар".
БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерін қалай дұрыс пайдалануға болады? Ол үшін не қажет? 2024 жылы қандай жаңалықтар қолжетімді болды?
Осы және өзге де сұрақтарға аталмыш іс-шара барысында Қор мамандары жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 маусымы күні (12.00 с.) өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=85034446627) бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін (678 781 1702) және event-кеңестің паролін (1414) енгізіңіз.
"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнінде" өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!