Меню

Страницы

Статья

Өзіңді туберкулезден қорғау- өз қолыңда !

Туберкулез- туберкулез микобактерияларын (Кох таяқшалары) туындататын өмірге қауіпті жұқпалы ауру, ол көбінесе өкпені, сонымен қатар адам ағзасының басқа мүшелерін зақымдайды. Көбінде туберкулез ауруына еңбекке қабілетті жастағы адамдар шалдығады.

Жыл сайын әлемде туберкулезден 1,7 млн адам көз жұмады. Әр секунд сайын бір адам туберкулезбен ауырып, ал әр 20 секунд сайын 1 адам өліп жатады.

Туберкулез қалай жұғады:

Туберкулез –аурудың ашық түрімен ауыратын науқас адам көршілікте сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру сау адамға жұғады.

Аурудың белгілері:

  • 2 апта бойы жөтелу
  • тәбеттің жоғалуы
  • арықтау
  • түңгі тершеңдік
  • дене қызуының 37,0-37,5º С дейін көтерілуі
  • жалпы әлсіздік, шаршау
  • көкірек тұсының ауырсынуы
  • қан аралас қақырық тастау

Осы белгілердің бірі байқалған кезде, дәрігерге барып тексеріліңіз.

Ауырмау үшін аса қажетті ұстанымдар:

  • Салауатты өмір салтын ұстану - бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдана отырып, тиімді тамақтану, жүйелі түрде белсенді денені шынықтырумен, спортпен айналысу, жақсы демалу, темекі, алкоголь, есірткі тұтынбау.
  • Аурудың алғаш белгілері біліне басталғанда дәрігерге дер кезінде қаралу қажет.
  • Жыл сайын өкпені флюрографиялық тексерілуден өтілу қажет.
  • Жеке тазалық тәртібін сақтау - бұл жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолданып, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу.
  • Таза ауада жиі болып, табиғат аясына барып демалыс жасау.
  • Үй-жайды мезгіл-мезгіл желдетіп алып, ылғалдап сүртіп, тазалап отыру.
  • Қақырықты түкіре салмау - бұл ауру жұқтырылған Кох таяқшасы болуы ықтимал шаңды жұту арқылы аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет.

Есіңізде болсын:

  • Туберкулез емделеді, өйткені туберкулез микобактериясына қарсы әсер ететін дәрі бар.
  • Туберкулез неғұрлым ерте анықталса - емдеу нәтижесі де соғұрлым сәтті болады.

Өзіңізді туберкулезден қорғау өз қолыңызда!

Дата публикации
14 мая 2024
Дата обновления
14 мая 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы