Бруцеллез –буындардың, жүйке жүйесінің, жыныс мүшелерінің зақымдануына алып келетін, адамға ауылшаруашылық жануарлар арқылы жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Науқас адамнан дені сау адамға бруцеллез жұқпайды. Жұқпаның резервуары мен қайнар көзі болып үй жануарлары (қойлар, ешкілер, сиырлар, шошқалар, кейде иттер) саналады.
Сырқаттанған жануардан адамға қарым-қатынас арқылы, мысалы төлдеу кезінде сұйықтардың теріге жұққан кезде (жаңа төлдеген бұзаулар мен лақтарды күткен кезде), тамақтану және ауа жолдары арқылы жұғады. Әсіресе ветеринарлық қызметкерлер, шопандар және т.б. жиі жұқтырады. Сырқаттанған жануардың етімен, тезегімен қатынаста болған кезде де ауруды жұқтыруға болады. Бруцеллалар терінің кіп-кішкентай зақымданулары арқылы да ену мүмкін. Тағамдық жұқпалану шикі сүт арқылы, сондай-ақ сүт өнімдерін қолдану кезінде (ірімшік, май, қаймақ) жүзеге асады. Ауа тамшылары жолымен малдар өрісте жайылғанда, не оларды қораға қамаған кезде құрамында бруцеллалар бар шаңдар тыныс жолдарына енгенде аурумен жұқпалану әбден мүмкін. Әсіресе жиі еңбекке жарамды жастағы тұлғалар (18-50 жас) ауырады.
Бруцеллездің белгілері
Бруцеллездің жіті басталуы кезінде инкубациялық кезең жоғары безгекпен сипаттала отырып (39-40°С және жоғары) шамамен 3 апта жалғасуы мүмкін. Созылмалы түрі жалпы ағзаның улану (әлсіздік, бас ауруы) белгісімен сипатталады. Жалпы белгілерге ұзақ орташа қалыпты температураны, әлсіздікті, жоғары ашушаңдықты, нашар ұйқыны, тәбеттің болмауын, жұмысқа қабілеттің төмендеуін жатқызуға болады. Тірек-қозғалыс аппаратының зақымдануы созылмалы бруцеллездің аса көрініс тапқан белгісі болып саналады.
Созылмалы бруцеллез кезінде жүйке жүйесінің зақымдануы неврит, полиневрит, радикулиттер арқылы көрініс табады. Ер адамдардың жыныстық жүйесінің өзгеруі, орхит, эпидемитпен көрініс табады. Жүкті әйелдерде түсіктер, өлі бала туу, уақыттан бұрын босану аса жиі болады.
Сіздердің назарларыңызды бруцеллездің алдын алу шараларына тағы бір мәрте аударамыз:
Жоғарыда баяндалған ұсынымдарды сақтыңыздар, өзіңіздің және туыстарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіздер!