Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік мекеме көрсететін қызметтердің түрлері

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтердің үш түрін көрсетеді:

  1. "Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру". Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 13 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада келтірілген.
  2. "Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру". Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына бұйрықтың 5-қосымшасында келтірілген.
  3. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру". Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі есепке алу нөмірлерін беру қағидаларына бұйрықтың 2-қосымшасында келтірілген.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығының 3-тармағында айқындалған.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері - "электрондық үкіметтің" www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталы арқылы.

 

Дата публикации
29 апреля 2024
Дата обновления
29 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы