Пештегі ұмытылған тағам көбінесе өрттің себебі болып табылады. Сонымен қатар, көп жағдайда ас үйдегі өрттер адамдар тамақ дайындағанда емес, жылытқан кезде пайда болады.
Жұмыс ауысымынан келе жатып, адам пешке тамақ қояды және ол қызған кезде ол басқа бөлмеде ұйықтап кетеді. Сондай-ақ, пеште тамағы тұтанатын ұмытшақ азаматтар санатына қарт адамдар жатады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылардың арасында үйден шығып, асығыс пеште тамақ қалдыратындар да бар. Өрт көбінесе жанғыш заттардың жылу көзіне тым жақын орналасуынан, сондай-ақ электрлік әртүрлі ақаулардан туындайды.
Пісіру кезінде қарапайым ережелерді сақтау маңызды:
- дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмаңыз, ас үйден шықпаңыз;
- пештің жанында сүлгілерді, қолғаптарды және басқа да жанғыш заттарды ұстамаңыз;
- қыздырылған табада жанатын ағаш қасықтарды қалдырмаңыз;
- табаға майды үштен бір бөлігінен асырмайқұйыңыз. Май-350С0жоғары температурада өздігінен тұтануға қабілетті жанғыш сұйықтық;
- электркабельдерінпештеналыс ұстаңыз;
- балаларға газ плиталарынпайдалануғарұқсатбермеңіз;
- Сіздіңкиіміңіздеқысқанемесетығызжеңдерболуыкерек. Ұзын және бос жеңдероңайөртеніпкетуінемесетабаныңтұтқасынаілінуімүмкін. Синтетикалықматаданжасалғанкиімдердіпайдалану ұсынылмайды.
Есіңіздеболсын - сіздіңқырағылығыңыз-Сіздіңқауіпсіздігіңіздіңкепілі!
Түтіннің жоғары уыттылығын есте сақтаңыз!
Ақсу қаласының ТЖБ еске салады: өрттен сақ болыңыз, өрт кезінде "101" немесе "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.