Меню

Страницы

Статья

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері туралы не білуіңіз керек!

Қазіргі уақытта қызметтің бұл түрімен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес хабарлама бойынша мамандандырылған ұйымдар айналысады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін

лицензиялау енгізіледі.

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау үшін қолданылатын препараттар мемлекеттік тіркеуге жатады. Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін келесі ұсынымдарды сақтау маңызды:

1) жәндіктерден өңдеу жүргізу үшін жәндіктер мен кеміргіштерден профилактикалық өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға жүгіну қажет;

2) өңдеуді өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, сондай ақ ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;

3) мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, дезинсекция жүргізер алдында объектінің әкімшілігін (ПИК, МИБ және т. б.) және баспалдақ алаңы мен жоғарыдағы және төмендегі көршілеріңізді оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар етіңіз;

4) дезинсекция терезелер жабық болған кезде

жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлме препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмаңыз, бірақ препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.

Жәндіктерді өздігінен өңдеу сіздің және

туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі

мүмкін,

тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

 

Дата публикации
22 апреля 2024
Дата обновления
22 апреля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы