Пәтерде немесе үйде жалғыз қалған бала сіріңке алып, қағазды өртеп жіберуі, электр жылытқышын қосуы немесе тіпті от жағуы мүмкін! Әрине, бұған ата-ана кінәлі, балаларды бақыламай, пәтерде жалғыз қалдырады. Кейде үлкендердің өздері қыңырлығына еріп, балаларға сіріңке ойнауға, пеш жағуға немесе жылытуға қарауға рұқсат береді.
Құрметті ересектер, тағы да еске саламыз! Сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Есіңізде болсын, егер өрт балалардың қараусыз қалуы салдарынан біреуге зиян келтірсе, онда бұл үшін ата-аналар заңды түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ақсу қаласының ТЖБ