Меню

Страницы

Статья

Көкжөтел

Көкжөтел –Bordetellapertussis таяқшасынан туындайтын жедел жұқпалы ауру. Клиникалық түрде респираторлық синдромымен (жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы) ұзаққа созылған ұстамалы жөтелмен көрінеді.

Көкжөтел ауруы антропонозды болып келеді, яғни онымен тек қана адамдар ауырады. Инфекция көзі – көкжөтелмен ауыратын науқастар, тасымалдаушылар. Эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда, шағымдары мен клиникалық белгілері жоқ, белсенді өмір салтын ұстанатын, бірақ қоршаған ортаға микробтарды шығаратын, айналасындағыларды жұқтыратын бактерия бөлгіштер ең қауіпті. Көкжөтелге аэрозольді берілу механизмі тән, яғни ауру 2 метрге дейін ауа тамшылары арқылы беріледі, әсіресе инфекция жақын, отбасылық байланыста болады.Көкжөтелге қарсы егілмеген мектеп жасына дейінгі балалар жиі ауырады.

Көкжөтелдің асқынуы:

Респираторлы (жөтел, іріңді бөлінбестен мұрыннан су ағу);

Интоксикация – орташа, қысқа мерзімді төмен температурамен сипатталады. Асқынулар дамыған кезде жоғары температура болуы мүмкін (пневмония);

Тыныс алу жолдарының үзілуі;

Өкпенің дұрыс жұмыс істеуінің бұзылуы (эмфизема);

Көкжөтел ауруы көбінесе қайталама бактериялық инфекцияның қосылуымен бірге жүреді. Нәтижесінде бронхит және пневмония сияқты асқынулар пайда болуы мүмкін.

Алдын алу

Негізгі алдын алу шарасы – вакцинация. Вакцинация ағзаға арнайы иммунобиологиялық препараттарды енгізгеннен кейін көкжөтелге қарсы иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Екпе алған адамдарда, тіпті жұқтырған жағдайда да, ауру өте жеңіл түрде өтеді.

 

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы