Ақсу қаласы және ауылдық аймақтарының мәдениет мекемелері бойынша ақпарат.
Ақсу қаласы және ауылдық аймағы бойынша 17 мәдениет ошақтары қызмет етуде, олардың ішінде Ақсу қаласы Сәбит Дөнентаев мәдениет сарайы және Ақсу ықшам ауданы мәдени – сауық орталығы, Айнакөл ауылы мәдени – сауық орталығы, Алғабас ауылы МСО, Жолқұдық ауылы МСО, Қызылжар ауылы МСО, Сарышығанақ ауылы МСО, Еңбек ауылы МСО, М.Омаров ауылы МСО, Құркөл ауылы МСО, Евгеньевка ауылы «Достық» МСО, Үштерек ауылы МҮ, Пограничник ауылы МСО, Береке ауылы МСО, Достық ауылы МСО, Қалқаман ауылы МҮ, Ақжол ауылы МСО.
Мәдениет мекемелерінің негізгі қызметі театр, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерін, халықтық өнерді, фольклорлық және көркемөнерпаздарды дамыту болып табылады; мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерді, фестивальдерді, байқауларды, көрмелерді, қалалық мәдени – көпшілік шараларды, көптеген облыстық мәдениет және өнер шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Мәдениет мекемелерінде бекітілген жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіледі: мемлекеттік мерекелер, йын-сауық бағдарламалары, концерттер, тақырыптық би кештері, науқандар, форумдар, түрлі сайыстар, жастарға арналған фестивальдер.
Соның ішінде а.ж. бірінші тоқсанда Ұлы ғалым, Шығыстың екінші Аристотелі Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Бабаларға тағзым» атты тарихи мәдени - көпшілік іс-шара, Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты мәдени - көпшілік іс-шара, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына онлайн іс-шаралар мен көптеген челлендждер өткізілді. Алдағы уақытта «Алтын ордам, ақ ордам» атты Алтын Орданың 750 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасы, мемлекеттік мерекелер және «Болашаққа бағдар.Рухани Жаңғыру» бағдарламасы, облыстық «Ауыл клубы 4.0» жобасы бойынша және т.б.көптеген іс-шаралар өткізілуі жоспарлануда.