Меню

Страницы

Статья

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу

Ауа-райының күрт жылынуы салдарынан қардың еруі, жауын-шашын, желмен судың келуі кезінде өзендердегі, көлдердегі су деңгейінің көтерілуі және кептелуі су тасқынына әкеп соғуы мүмкін. Осы орайда қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар су арқылы жұғуы мүмкін деген сұрақ туындайды.

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Ластанған суды тұтыну арқылы гепатит, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз судың кеміргіштер секрециясымен ластануы), бруцеллез, сальмонеллез сияқты көптеген аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Су арқылы таралатын вирустық аурулардың ішінде вирустардың ішек тобы, соның ішінде энтеровирустар, А гепатиті және басқалары басым орын алады. Өзендерден, ұсақ көлдерден су төгілген кезде жаңбыр суларымен араласқан еріген сулар пайда болады, бұл құдықтар мен ұңғымалардағы судың қоқыс шұңқырларынан, шаруашылық аулаларынан, дәретханалардан жаппай ластануына әкеледі.

Су тасқыны кезіндегі мәселелердің бірі-кеміргіштер, көптеген аурулардың тасымалдаушылары, тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупіне ықпал етуі мүмкін.

Мұндай жағдайларда тұрғындарға су тасқыны кезеңінде аурудың алдын алудың қарапайым және тиімді шараларын сақтау қажеттігін ескертеміз:

1) ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды қолдану;

2) тамақ өнімдерін әзірлеу және сақтау қағидаларын ұстану;

3) термиялық өңделген тағамдарды тұтыну;

4) жеке гигиена ережелерін сақтау міндетті;

5) көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен жақсылап шаю, қайнаған суды үстінен құю;

6) тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты міндетті түрде таза ұстау.

Аурудың алғашқы белгілері кезінде өзін-өзі емдеумен айналыспағаныңыз дұрыс, дереу денсаулық сақтау мекемесіне медициналық көмекке жүгінгеніңіз абзал.

Гигиеналық ережелерді ұстану Сізді көптеген аурулардан сақтайды!

 

Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
01 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы