Меню

Страницы

Статья

Бруцеллез және оның алдын алу.

Бруцеллез - жіті инфекциялық, аллергиялық зооноздық індет.

Адам үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көзі қой, ешкі, ірі қара мал, шошқалар, яғни жеке сектордың ауылшаруашылық жануарлары болып табылады.

Инфекцияны жұқтыру жолы байланыс арқылы, алиментарлы (жануарлардан алынатын өнімдерін пайдаланғанда, жануарларға күтім жасағанда), яғни адам ауру жануарлармен байланыста болған кезде, сауу, жануарларға күтім жасау, ауру жануардың етін, сүтін тағамға қолданған кезде жұқтырылуы мүмкін.

            Аурудың инкубациялық кезеңі 1-2 апта, кейде екі айға дейін созылады, ол ағзаға түскен қоздырғыштың мөлшерімен, оның вируленттілігімен және организмнің төзімділігімен анықталады.

            Бруцеллездің алдын алу үшін қажет:

- үй жануарларын вакцинациялаңыз

- ветеринариялық қызметке хабарламай малды сатып алуға, сатуға, союға жеткізуге және мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге жол бермеуге.

- стихиялық рұқсат етілмеген базарлардан ет және ет өнімдерін (тартылған ет, шұжық, жартылай фабрикаттар), зауыттық емес сүт және сүт өнімдерін сатып алмау.

- жеке өндірушіден сатып алынған сүт өнімдері мен жануарлардан алынатын өнімдер тек мұқият термиялық өңдеуден өткеннен кейін тұтынылуы керек.

-егер сіз мал шаруашылығы саласында жұмыс жасасаңыз-резеңке қолғап, арнайы жұмыс киімін қолданыңыз.

            Профилактикалық іс-шаралар тізіміне жануарлардың бруцеллезіне жүйелі тексеру және оларды вакцинациялау кіреді. Сондай-ақ, ауру малды анықтаған кезде оны оқшаулап, оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Бруцеллезді емдеу ұзаққа созылады!

            Аурудың профилактикасы жайлы алдын ала қамданған жөн!

            Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы