Қысқа тұйықталу
Электр жабдықтарды орнату және пайдалану ережелерін бұзумен байланысты өрттердің негізгі себебі – қысқа тұйықталу.Бұл электрсымдары мен кабельдердегі оқшаулаудың бұзылуынан, оқшаулаудың тозуынан және механикалық зақымданудан туындайды. Қысқа тұйықталу қаупі жүздеген мыңамперге ток күшінің артуы болып табылады, бұл өте қысқа уақыт ішінде өткізгіштерде көп мөлшерде жылушығарады, бұл өз кезегінде температураның күрт жоғарылауына және оқшаулаудың тұтануына әкеледі.Қысқа тұйықталудың жағымсыз салдарын болдырмау үшін бірнеше қарапайым ережелерді есте сақтау қажет:
- Сымдарды бұрау түрінде қосуға қатаң тыйым салынады, өйткені мұндай қосылыстың өткізгіштерінің байланыс тығыздығы тез әлсірейді және олардың өзара әрекетте су аймағы азаяды, осыған байланысты электр доғасымен ұшқын пайда болуы мүмкін, нәтижесінде қысқа тұйықталу пайда болады.
- Жасырын электрсымдарын жүргізу кезінде, аспалы төбелердің артында, пайдаланылатын материалдың жану дәрежесіне байланысты, жануды таратпайтын кабельді пайдалану немесе қысқа тұйықталудың пайда болуы нәтижесінде күйіп кетпейтін белгілі бір қабырға қалыңдығы бар болат құбырларға салу қажет.
Ақсу қаласы ТЖБ