Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағдидаларына» сәйкес сіздерді Ақсу қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша өтетін көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз. Жиын Ақсу қаласы, Астана көшесі, 37 мекенжайы бойынша (Балалар шығармашылық үйі), 2024 жылғы 26 ақпан күні сағат 11.00-де өтеді.