Ақсу өңірінде қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. 2023 жылғы қыркүйектен бастап 2024 жылғы 8 қаңтарға дейін "Қызылшаның күдікті жағдайы" диагнозымен барлығы 133 жағдай тіркелді, оның 103-і расталды, 23-і алынып тасталды, 7 жағдай нақтыланбаған.
Қызылша ауруының аумақтық таралуы: Ақсу қ. – 64 жағдай, Үштерек ауылы-20 жағдай, Қызылжар ауылы-16 жағдай, Достық ауылы – 10 жағдай, Қалқаман ауылы-7 жағдай, Ақжол ауылы-4 жағдай, С.М. Омаров атындағы ауыл – 5 жағдай, Береке ауылы-2 жағдай, Алғабас ауылы-2 жағдай және Еңбек, Пограничник, Солветка ауылдарында бір жағдайдан.
Қызылшамен ауыратындардың жас диапазоны: бір жасқа дейінгі балалар – 23 жағдай; 1 жастан 4 жасқа дейін-35 жағдай; 5 жастан 9 жасқа дейін-18 жағдай; 10 жастан 14 жасқа дейін – 14 жағдай, 15 жастан 19 жасқа дейін-7 жағдай, 20 жастан 29 жасқа дейін -13 жағдай, 30 жастан асқан-23 жағдай.
Негізінен 14 жасқа дейінгі балалар ауырады, бұл қызылша ауруының 67,7%-ын құрайды. Қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт өсуі екпе алмаған балалардың есебінен қалыптасады, олардың үлесі ауырған балалар санының 67,4% -ын құрайды.
Оқу жылының басынан бастап қызылша ауруына күдікпен өңірдің 11 мектебінде 37 жағдай тіркелді, оның ішінде 33 жағдай расталды, бұл 89,2% –ды құрайды.
Қазақстан Республикасында қызылшамен қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін 2023 жылғы 6 қарашадан бастап егу мәртебесіне қарамастан 6 айдан бастап 10 ай 29 күн жасына дейінгі, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау басталды.
Қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен кезде қосымша жаппай иммундау жүргізіледі. Қызылша өте жұқпалы ауру екенін және пневмония, отит, менингит, энцефалит сияқты ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Анағұрлым ауыр асқыну- ол қызылша ауруынан кейін бірнеше жылдан кейін дамитын және мүгедектік пен өлім қаупі жоғары болатын мидың зақымдануымен жүретін панэнцефалит болып табылады.
Бұл аурудың ең сенімді қорғанысы- екпе алғаннан кейін ауырып қалғанның өзінде аурудың асқынып кетуінен сенімді қорғайтын вакцинация.
Балаларға екпе салу меншік нысанына қарамастан қаланың барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.
Балаларыңыздың денсаулығы Сіздердің қолыңызда екеніндігін ата-аналарға есте ұстаған жөн.