Меню

Страницы

Статья

Улы Газ - бұл қауіпті, көрінбейтін жау!

Адамдардың қазасына тұншықтырғыш газбен улану әсер етеді, ол адамдардың қауіпті жайларының бірі болып табылады. Бұндай жағдай жылу көзі пеш ақауының, қозғалтқышы қосылған жабық автомобиль ішінде, адамдардың өрт ошағында болуы нәтижесінде болады. Тұншықтырғыш газдың иісі жоқ, тұншықтырғыш газбен улану білінбеуі мүмкін, ол барлық от жағылатын жерлерде жиылады. Тұншықтырғыш газбен дем алғанда  адамдар бас ауыруын және тұншығу сезімін сезінеді. Тұншықтырғыш газ қосылымының жоғарлауында әлсіреп және естен татып (30 минуттан кейін қаза болады). Тұншықтырғыш газдың  пайда болуының негізгі себебі – от жағылған жерде оттегінің жетіспеуі.

Адамға тұнышықтырғыш газдың әсер ету механизмі, ол қанға кіргеннен соң, гемоглобин талшықтарын шырмаудан тұрады. Нәтижесінде гемоглобин оттегін өткізу қабылетінен айрылады. Адам неғұрлым тұншықтырғыш газбен дем алса,  соғұрлым оның қанындағы гемоглобиннің жұмыс жасау қабілеті азаяды, және организм соғұрлым аз оттегін алады. Адам тұншыға бастайды, басы ауырып есінен жаңыла бастайды. Егер мезгілімен таза ауаға шықпаса (немесе есінен танған адамды таза ауаға шығармаса)  қаза болуы мүмкін. Тұншықтырғыш газбен уланудың белгілері: бұлшық еттің әлсізденуі, бас айналуы, жүрек айнуы, құлағындағы шуыл. Дем алысы тоқтағаннан кейін жүрек біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін.  Пайдаланылған газдарды шығаратын ең көп тараған көздер – бұл газ немесе май жағып жанатын пештер, ағаш жағатын пештер, газ құралдары, су жылытқыш және қозғалтқыштар. Пештегі жарықшақтар, түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуы тұншықтыратын газдың тұрғын үй ішіне тарауына мүмкіндік береді. Пешке таза ауаның толықсыз келуі тұншықтырғыш газдың жиналуына әсер жасауы мүмкін. Зардап шеккенді үйден шығару кезінде, онда қауіпті тұншықтырғыш газ қосылымы барын, есіңізде сақтаңыз, уланып қалмау үшін ең алдымен, өзіңізді қауіпсіздендіру керек. Ол үшін тез әрекет жасау және қол орамал немесе дәке арқылы дем алу қажет.

 

 

    Ақсу қ. ТЖБ

Дата публикации
08 января 2024
Дата обновления
08 января 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы