Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 1136-10 бабы 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен
Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссия келесіні хабарлайды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2335 азамат енгізілді, оның ішінен 1479 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны – 42, «Барлығына қарсы» жолындағы белгімен – 43.
Әр кандидатқа мынадай дауыстар саны берілді:
Кендебай Т. – 1179 (82,0%); Мадениетов З.М. – 215 (15,0%).
Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкімі болып Тілеуғали Кендебай болып сайланды,1993 жылы туған, «Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақсу қаласында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Ақсу қалалық аумақтық
сайлау комиссия