Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» Конституциялық Заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 1136-10 бабы 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 10 желтоқсанда өткен Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссия келесіні хабарлайды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2563 азамат енгізілді, оның ішінен 1302 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны – 25, «Барлығына қарсы» жолындағы белгімен – 19.
Әр кандидатқа мынадай дауыстар саны берілді:
Ахметов С. К. – 129 (10,1%); Оразбаев Н.К. – 155 (12,1%); Халыков А.С. – 974 (76,3%).
Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің әкімі болып Халыков Аршат Саржанович болып сайланды,1987 жылы туған, «Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ақсу қаласында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылды.
Ақсу қалалық аумақтық
сайлау комиссия