Сайлау-2023
А Қ П А Р А Т
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес Ақсу қалалық "Aqjol" газеті 2023 жылдың 10 желтоқсанға тағайындалған Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі мен Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округі әкімдерінің сайлауын дайындауға және өткізуге байланысты кезеңге баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты жариялайды.
ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ
|
Бет |
Бағасы теңгемен ш/см |
|
Журналистік бет |
200 |
|
Жарнамалық бет |
180 |
|
Соңғы бет |
250 |
Жарнамалық модульдер, хабарландырулар, ақпараттық мақалалар газеттің шығуына бір күн қалғанда берілсе - 7% мөлшерде қосымша ақы төленеді.
Төлем түрі: ақшалай немесе аударым арқылы есептесу, алдын ала төлем - 100%.
Материалдарды орналастыру шарттары мен тәртібі: өмірбаяндық мазмұндағы материалдар, сайлауалды бағдарлама мен фотосуреттер ақпараттық қызмет көрсету туралы келісім-шарт пен төлемақы жасалғаннан кейін, редакциямен кезекті газет нөміріне жариялау үшін 2 күннен кешіктірілмей үміткердің немесе оның сенімді өкілінің қолы қойылған қағаз жүзінде және электрондық түрде қабылданады.
Үміткерлердің газетке жариялану тәртібі материалдардың түсу тәртібіне сәйкес белгіленеді немесе жреби арқылы (егер, материалдар бір мезетте түссе).
Сайлауалды ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселесі бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: 140100, Павлодар облысы,
Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 А үй. E-mail: aksu_zholy@mail.ru. Тел: 8-718-37-4-92-62.
"Aqjol" газетінің редакциясы.