Адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кезедесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы- спираль пішінді лептоспира бактериялары. Ол бүкіл әлемде таралған, қоздырғыштардың көпшілігі батпақты жерлерде және өте ылғалды аймақтарда кездеседі. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымдалады. Жануарлар арасында бұл аурудан болатын өлім 90% жетуі мүмкін.
Лептоспироздың белгілері. Аурудың инкубациялық кезеңі орта есеппен 7-13 күнді қамтиды. Сонан соң науқастың бірден дене қызбасы басталады (39-40 градус), өзі қалтырап, бұлшық еттері қатты ауырады, көзі қызарады, лоқсып құсып, ұйқысы қашады.
Ауру асқынғанда сандырақтап, мұрнынан қан кетіп, ерін, мұрын айналасында ұшық шығады, дененің сарғаюы байқалады. Ауруды дер кезінде емдемесе, адамдардың (әсіресе жасы келген) өліп кетуі де мүмкін. Ал сарғаймай, жеңіл түрімен науқастанғанда 6-12 аптадан кейін толық айығып кетеді. Ауру диагнозы лабораториялық әдістермен анықталады.
Алдын алу шаралары.
- Жеке гигиена қағидаларын мұқият сақтау;
- Тыйым салынған немесе жай рұқсат етілмеген жерлерде шомылудан бас тарту;
- Тексерілмеген су қоймаларынан аулақ болыңыз;
- Жануарлармен тек жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс жасаңыз;
- Мүмкіндігінше жануарларды арнайы сарысумен егу керек;
- Тері мен шырышты қабаттардың кез келген зақымдануын арнайы құралдармен уақтылы емдеу;
- Лептоспироз белгілері пайда болған жағдайда дереу инфекционистке, иммунологқа жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажет.