Әлемде қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз. ДДҰ-ның соңғы деректеріне сәйкес әлемнің 104 елінде (Түркия, Австрия, Сербия, Ұлыбритания, Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқалар) қызылшаның 205 мыңнан астам жағдайы тіркелген.
Ағымдағы жылдың 28 қазанынан 13 қарашасына дейін Ақсу өңірінде қызылшаның болжамды жағдайлары тіркелді – 27, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 17, ересектер – 9. Ауруға шалдыққан балалардың ішінен қызылшаға қарсы екпе алмағандар - 9 (52,9%), жасына қарай – 5 (29,4%) және қызылшаға қарсы екпе алғандар – 3 (17,7%). 2 жағдай бойынша 3 ошақта тіркелді, оның ішінде бір ошақта бір инкубациялық кезеңде екінші жағдай тіркелді.
2023 жылғы 13 қараша жағдайына қызылшаның зертханалық расталған жағдайларының барлығы – 8 жағдай, оның ішінде ағымдағы жылдың қыркүйегінде-қызылшаның 2 жағдайы расталды (бір жасқа дейінгі балалар арасында – 1, бір жастан асқан балалар арасында - 1), 28.10.2023 жылдан 07.11.2023 жылға дейін қызылшаның 6 жағдайы зертханалық расталды – (14 жасқа дейінгі балалар арасында – 5 жағдай, ересектер арасында 1 жағдай).
Қызылшаның расталған жағдайларының ішінен ұйымдастырылған ұжымдарда бір жағдай тіркелді - ол Алтынсарин атындағы ОМ, Ақсу қ. №24 сәбилер бақшасы, Береке ауылы орта мектебінің шағын орталығы..
Қызылшаны тіркеудің барлық жағдайлары бойынша тексеру жүргізілді, байланыс жасайтын адамдар тобы (үй ошағы, кіреберіс, ұйымдастырылған ұжым) және қызылшаға қарсы эпидкөрсеткіштер бойынша егуге жататын диагноз қойылған сәттен бастап 72 сағат ішінде екпе алуы қажет 30 жасқа дейінгі тұлғалар анықталды.
Тұрғындар арасында аурудың алдын алу және одан әрі таралуын болдырмау мақсатында 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.
Қосымша жаппай иммундау келесі контингенттерге жүргізіледі: 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі жастағы балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық екпесі жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері. Балалар арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін вакцинациямен қамту кемінде 95% -ды құрауы тиіс.
Ақпарат үшін: қызылша – жоғары (фебрильді) безгегімен, жалпы интоксикация белгілерімен, жұтқыншақтың шырышты қабығының, конъюнктиваның және тыныс алу органдарының жалпыланған қабыну зақымдануымен көрінетін өте жұқпалы жедел вирустық инфекция.
Есіңізде болсын! Қызылша барлық жастағы адамдардың денсаулығына қауіпті. Вакцинация екпе алған адамдар үшін өмір бойы сақталатын иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді.