Қызылша-бұл өте жұқпалы (жұққыш) вирустық ауру, ол ауа тамшыларымен таралады және жалпы интоксикациямен, терідегі макулопапулярлы бөртпемен, жоғарғы тыныс жолдарының және конъюнктиваның катаральды қабынуымен көрінеді. Қызылша тамақтың ісіп ауыруы, қызылша энцефалиті, менингит, пневмония сияқты асқынулармен қауіпті. Кез келген асқынудан науқас мүгедек болуы немесе жан тапсыруы мүмкін.
Кез-келген адам қызылшамен ауыруы мүмкін, бірақ көбінесе балалар ауырады.
Қызылшаның алғашқы белгілері: қызу көтерілуі, әлсіздік, мұрыннан су ағу, жөтел, көздің шырышты қабығының қабынуымен сипатталады, жақтың ішкі шырышты қабығында дөңгеленген жиекпен ақ дақтар пайда болады (Филатов-Коплик дақтары), құлақтың артында және бет жақтарында бөртпелер пайда болады, олар бүкіл бет пен мойынға таралады. Бөртпе алдымен денеде, содан кейін қол мен аяқта пайда болады. Бөртпе кезінде дене температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі, улану белгілері жоғарылайды, тұмау, жөтел, көздің жарыққа сезімталдығы күшейеді, ұйқы нашарлайды. 3-4 күн ішінде бөртпе пайда болған ретпен жоғалады.
Қызылшаны жұқтыру қалай өтеді? Қызылша-ауа-тамшы инфекциясы. Вирус ағзаға жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттары мен қызылша ауруымен ауыратын адамның көздері арқылы енеді, ол оны тыныс алу, сөйлесу, түшкіру және жөтелу арқылы таратады.
Қызылша вирусы өте құбылмалы- ол ауа ағынымен, жақын орналасқан үй-жайларға, тіпті ғимараттың басқа қабаттарына терезелер, желдету, саңылаулар арқылы кіре алады, сондықтан сіз науқаспен бір үйде бола тұра вирусты жұқтырып ала аласыз. Бұл ретте вирус сыртқы ортада тез өледі, сондықтан инфекцияның заттар (төсек-орын, киім, ойыншықтар) арқылы, сондай-ақ науқаспен байланыста болған үшінші тұлғалар арқылы таралуы мүмкін емес. Жұқтырып алмау қаупі болмау үшін, қызылшамен ауыратын науқас болған бөлмені желдету жеткілікті, дезинфекция қажет емес.
Осы инфекцияның алдын алудың негізгі әдісі-белсенді иммундау. Қазақстан Республикасында қызылшаға қарсы вакцинация 12 айлық, ревакцинация 6 жастағы балаларға жүргізіледі.
Есіңізде болсын! Аурумен күрес сәтті болуы ата-аналарға, олардың баланы қызылшадан қорғауға деген ұмтылысы мен ықтиярына байланысты.