"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшаларына, 113-1-бабының 1-тармағы мен 3-тармағының 1), 2) тармақшаларына және "Ақсу қаласы ауылдық округтері әкімдерін сайлауды тағайындау туралы" Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 8 қаулысына сәйкес Ақсу қаласының Евгеньевка және Қалқаман ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалды.