Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында екі адамның қаза болуына мұржаға түтін өтетін пеш қақпағының жабық болуы себеп болды

Павлодар облысында екі адамның қаза болуына мұржаға түтін өтетін пеш қақпағының жабық болуы себеп болды

2023 жылғы 3 қазанда Павлодар облысы ТЖ департаментінің 101 пультіне Екібастұз ауылдық аймағында, Төртүй ауылында жеке үйде 1959 және 1986 жылы туған екі адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.Алдын ала нұсқа бойынша, өлімнің себебі көміртегі тотығымен улану болды. Ер адамдар пешті жағып, мұржаға түтін өтетін пеш қақпағын тексермеген.

Павлодар облысының ТЖД өңірдің қонақтары мен тұрғындарына пешті пайдалану ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады, өйткені көміртегі тотығының иісі мен түсі жоқ, бірақ адам денсаулығы үшін өте қауіпті.

Көміртегі тотығымен уланудың алдын алу үшін Сізге:

- тек жарамды жабдықты пайдаланыңыз. Пештегі жарықтар, бітелген мұржалар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін;

- мүмкіндігінше көміртегі тотығы датчигін орнатыңыз;

- көмірлер толығымен жанғанша пештің қақпағын жаппаңыз.

Көміртегі тотығымен уланудың ең көп таралған белгілері: бас ауруы, жүрек айну және құсу, бас айналу, шаршау және ұйқышылдық, іштің ауыруы, ентігу және тыныс алудың қиындауы.

Егер Сізде көміртегі тотығы бар деп күдіктенсеңіз, үй-жайдан дереу шығып, 112 нөміріне құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

 

 Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы