Құтырма-қоздырғышы байланыс механизмімен (етқоректі жануарлардың тістеуі және сілекейі арқылы) берілетін жедел зоонозды, табиғи ошақты, вирустық жұқпалы ауру. Ол орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады, клиникалық белгілеріне қозу, агрессивтілік және су, ауа, дыбыс, жарық тітіркендіргіштеріне жоғары сезімталдықпен сипатталады. Ауру әрдайым өліммен аяқталады.
Құтырма ауруымен жануарлар да, адамдар да ауырады.
Құтырманың таралуының негізгі көзі - қаңғыбас иттер, мысықтар және жабайы жануарлар.
Жануарларда болатын құтырма ауруына қарсы іс-шараларына мыналар жатады: иттер мен мысықтардың күтімін реттеу, үй жануарларын қаңғыбас және жабайы жыртқыш жануарлардың шабуылынан қорғау, иттерді, мысықтарды және басқа үй жануарларын профилактикалық вакцинациялау.
Жабайы жануарлардың үй жануарларын тістеп алуының әр жағдайы туралы шұғыл түрде ветеринарлық маманға хабарлау қажет.
Ешбір жағдайда жануарды өлтіруге болмайды, өйткені құтырманы болдырмау үшін оны 10 күн бойы мал дәрігері бақылауы керек.
Егер адам жануардың тістеп алуынан зардап шеккен болса, бұл жағдайда жараны бастапқы өңдеу маңызды: жараның бетін сабынды сумен жуып, жарақат шеттерін спиртпен немесе йод тұнбасымен өңдеңіз. Жараға таңғыш тартып, дәрігерге қаралыңыз.
Медициналық мекемеде құтырма ауруының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіліп, профилактикалық егу курсы тағайындалады және білікті хирургиялық көмек көрсетілетін болады.
Есіңізде болсын! Құтырма ауруынан құтылудың жалғыз жолы-уақытында көрсетілген медициналық көмек