Меню

Страницы

Статья

Құтырманың алдын алу

Құтырма - бұл вирустық этиологияның жедел зоонозды жұқпалы ауруы, ол орталық жүйке жүйенің зақымдалуымен сипатталады, клиникалық белгілеріне қозу, агрессия таныту және су, ауа, дыбыс, жарық тітіркендіргіштеріне сезімталдықтың жоғарылауы жатады. Ауру әрдайым өліммен аяқталады.

Құтырма инфекциясы ауру жануардың теріні және көрінетін шырышты қабығын тістеп, тырнап алған кезінде немесе оның сілекейімен тікелей байланыста болған кезінде беріледі. Вирус ағзаға жаралар мен сызаттар арқылы енеді. Бет, мойын және қол буынының зақымдануы ең қауіпті болып саналады.

Инкубациялық кезең тістелген жеріне байланысты (басына неғұрлым жақын болса, соғұрлым қысқа кезеңді қамтиды) 10 күннен бір жылға дейін созылады. Аурудың алғашқы белгілері тістелген жерінің қышуы, ауырсынуы және тістелген жеріндегі жүйке жолдарының ауырсынуы түрінде көрінеді.

Құтырманың алдын алудың ең маңызды шарасы – жануарлардан зардап шегу (тістеп алуы, тырнауы немесе сілекейінің жұғуы) кезінде уақтылы медициналық көмекке жүгіну және емхана дәрігерінің жазып берген кеңесін толық орындау.

Жануардың кез-келген тістеуінен, тырнауынан және сілекейі жұққанынан зардап шеккен теріні дереу және мұқият сабынмен жуып, жараның шеттерін спиртпен немесе йод тұнбасымен өңдеу керек. Жараға таңғыш тартып, шұғыл түрде медициналық көмек алу үшін хирург-дәрігерге немесе травматологиялық пунктіне жүгініңіз.

Құтырма - бұл қауіпті емделмейтін ауру, алайда иммундау одан қорғай алады. Егер сіз жануардың шабуылынан зардап шеккен болсаңыз, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз, екпеден бас тартпаңыз, өйткені уақтылы алынған антирабиялық екпе денсаулықты сақтаудың жалғыз тиімді құралы болып табылады!!!

Өз денсаулығыңызға сақтық танытып, аса мұқият болғаныңыз абзал.

 

 

 

Дата публикации
21 сентября 2023
Дата обновления
21 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы