Бруцеллез - жедел инфекциялық - аллергиялық зооноздық ауру.
Адамдар үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көздері қой, ешкі, ірі қара, шошқа, яғни жеке сектордың ауылшаруашылық жануарлары болып табылады.
Инфекцияны жұқтыру жолдары байланыс, алиментарлы (жануарлардан алынатын өнімдерді пайдаланғанда, жануарларға күтім жасағанда), яғни адам ауру жануарлармен байланыста болған кезде, сауу, жануарларға күтім жасау, шағу, қой және т.б. немесе ауру жануарлардан ет, сүт жегенде жұқтырылуы мүмкін.
Аурудың инкубациялық кезеңі 1-2 апта, кейде екі айға дейін созылады, ағзаға енген патогеннің дозасымен, оның вируленттілігімен және организмге төзімділігімен анықталады.
Бруцеллездің алдын алу мақсатында:
- үй жануарларына екпе жасатыңыз;
- ветеринариялық қызметке ескертусіз жануарларды сатып алуға, сатуға, союға,тапсыруға және мал шаруашылығы өнімдерін сатуға жол бермеңіз;
- ет және ет өнімдерін (тартылған ет, шұжық, жартылай фабрикаттар), зауытта өндірілмеген сүт және сүт өнімдерін апттық сауда орындарынан немесе рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау.
- жеке өндірушіден сатып алынған сүт сүт өнімдері мен жануарлардан алынатын өнімдер тек мұқият термиялық өңдеуден кейін тұтынылады.
-егер сіз мал шаруашылығы саласында жұмыс жасасаңыз-резеңке қолғап, арнайы қорғаныс құралдарды қолданыңыз..
Профилактикалық іс-шаралар тізімінде жануарлардың бруцеллезіне жүйелі тексеру және оларға екпе жасау тізімделеді. Сондай-ақ, ауру малды анықтаған кезде оны оқшаулап, оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Бруцеллезді емдеу ұзаққа созылады!
Ауруды алдын алуға алдын-ала әрекет жасаңыз!
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!