Меню

Страницы

Статья

2023 жылы "Келешекте Ақсуды қалай көремін" балалар суреті байқауы.

Ақсу қаласында үшінші жыл қатарынан, ERG компаниясы мен қала әкімдігінің Tugan Qala (https://tugan-qala.kz/) атты бірлескен жобасы жүзеге асуда. Тұрғындар аулада, алаңда немесе жағажайда не салу керектігін, өздері ұсынады, өздері жобалайды және бүкіл қалалық дауыс беру арқылы, ең көп сұранысқа ие нысандарды анықтайды.
Жобаны дамыту мақсатында, жыл сайынғы Форум өткізіледі. Биылғы Форум 8 қыркүйекте, Ақсу қаласында өтеді. Форумның басты тақырыптарының біріне-қалалардың ұзақ мерзімді дамуын, бірлесіп жоспарлау болып табылады.
Болашақ ұрпақ пен ересектерді талқылауға тарту үшін, балалар мен жасөспірімдердің пікірінше, қаланың қандай болуы керектігін түсіну мақсатында, қала әкімдігі, ERG және форумның ұйымдастырушылары. балалар суреті байқауын өткізеді. Ұйымдастырушылар қаланың жас тұрғындарына үйлер мен көшелер, бақтар мен алаңдар, көлік қатынасының қандай болуы керектігін, елестетуді ұсынады. Болашаққа деген бұл көзқарас, қаланы дамытуды жоспарлап отырған адамдарды жігерлендіретіні сөзсіз.
8 қыркүйекте Сәбит Дөнентаев атындағы, Мәдениет сарайында суреттер көрмесі өтеді. Көрме барысында қала қандай болуы керек, нені салу керек және тұрғындар мен билік үшін қажет, Туған Қала сияқты жалпы қалалық жобалар мен байқаулардың қандай болуы керектігі және маңызды екенін, талқылауға болады.
Көрмеге дейін, 1 қыркүйекте интернет-дауыс беру жарияланады, әрі дипломдар мен бағалы сыйлықтар күтілетін, суреттер байқауының лауреаттары анықталатын болады.
Байқауға үш жас санаты: балалар мен жасөспірімдер 6 жасқа дейінгі (мектеп жасына дейінгі балалар); 7-10 жас (бастауыш мектеп жасы); 11-14 жас (орта мектеп жасы) бойынша өткізіледі.
Қатысушылар Ақсу қаласының тұрғындары болуы қажет.
Суретке қойылатын талаптар: формат – А3. Сурет салу стилі мен техникасы-кез келгені рұқсат.
Байқауға суреттерді қабылдау мерзімі: 2023 жыл,1 тамыздан 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Суреттерді: Астана көшесі, 37, Ақсу қаласының Балалар өнер мектебі, 212 кабинетінде, сағат 9.00 - ден 18.00-ге дейін (13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс) мекен- жайы бойынша әкелуге болады.
Суреттерді қабылдаушы: Сейсенбай Гүлдерайым Бекжанқызы, Тел.+7 705 328 86 95. Байқау нәтижелері 8 қыркүйек, 13.00-15.00 аралығында, Сәбит Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайында жарияланады.

Ұйымдастырушылар ата-аналарды, балаларды, жасөспірімдерді Ақсу қаласын болашақ қала ретінде, өз ойларын талқылауға шақырады. Балалар суреті байқауына қатысуға, көрмеге келуге, және Tugan Qala жобасына қатысуға шақырамыз!

Байқау туралы жаңалықтар мен ереже Форум порталында және Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Дата публикации
07 августа 2023
Дата обновления
07 августа 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы