Меню

Страницы

Статья

Йод, темір жетіспеушілік ауруларының алдын алу

Йод, темір жетіспеушілік ауруларының алдын алу

Йод – адамағзасының қалыпты өсуiне, дамуына қажеттi микроэлементтердiң бiрi болып табылады. Адам организмiне тағам мен судан түсетiн йодтың қажеттi деңгейде жетiспеуi – йод жетiспеушiлiгi ауруларына әкеп соғады. Йод жетiспеушiлiк ауруларының iшiнде – эндемиялык зоб аса қауiптi ауру                .Оның салдарынан көптеген аурулар, атап айтқанда, түйiндi құрылымдар мен қатерлi iсiктер дамуы мүмкiн. Йод жетiспеушiлiк ауруларының ең ауыр түрлерiнiң бiрi – балалардың ақылы мен дене дамуының тежелуi, жыныстық дамуының жетiлмеуi, әйел адамдардың жүктiлiк кезiнде түсiк тастау немесе көзi көрмейтiн, ақылы кем бала тууы сияқты   жағдайларжатады. Йодқа аса мұқтаж аудандарға таулы жерлер мен аумағы теңiзден алыс орналасқан аумақтар жатады.

Йод жетiспеушiлiк ауруларының алдын алушаралары:

- йодпен байытылған теңiз тағамдарын – балық, балықмайы, теңiз жәндiктерi, теңiз орамжапырағы жәнет.б. теңiз өнiмдерiн және сүт, жұмыртқа, ет өнімдері, көкөнiстер – қызылша, салат, шпинат, қызанақ, сәбiз, қартоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, жемiстер, жидектер, жаңғақтар – құрма, алма, жүзiм, шие, шабдалы  тағамға жиi пайдалану;

- йодталған тұзды және йодпен байытылған тағам өнімдерін пайдалану.

Темір тапшылық анемиясы ең кең тараған және әлеуметтік маңызды аурулардың бірі.

Қазақстандағы ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің 45 пайызы анемиямен ауырады. Бұл өз кезегінде  жүктілік пен босанукезінде ана мен бала өлімі көрсеткіштерінің жоғарылауына, балалардың физикалық және ақыл-ой дамуының кеш еуілдеуіне әсер етеді.

Қазіргі таңда тұрғындар арасында темір жетіспеушілік анемиясының алдын алу жолдарының бірі  -витаминді-минералды кешенді қоспалар мен байытылған (фортификацияланған) жоғарғы және бірінші сұрыптағы бидай ұнын пайдалану болып табылады, себебі ұн тұрғындардың барлық әлеуметтік тобы жаппай тұтынатын тағам екені белгілі.

Фортификация дегеніміз – бұл  ұн тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды қосу  процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көпшілік тұтынатын өнімдерд ітемір мен фолий қышқылы мен байыту – 90 мыңға жуық адамның өмірін сақтауға, жүйке түтігінің туа біткен кемістігі мен жүрек-қан тамыры ауруларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса,  сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, сұлы, қарақұмық жармасы, ірі бұршақ, ақ саңырауқұлақтар, какао, шоколад, көкөніс, бұршақ, алма, бидай, шабдалы, жүзім, май шабақ, қара өрік  тағамдарын  тағамға жиі пайдалану болып табылады.

 

Дата публикации
21 июля 2023
Дата обновления
21 июля 2023
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы