Листериоз
Листериоз-орталық жүйке жүйесінің, бадамша бездердің, лимфа түйіншелерінің, бауырдың зақымдалуы мен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру.
Ауру қоздырғышы алғаш рет 1911 жылы анықталды, бірақ егжей-тегжейлі сипаттама Э.Мюррейдің еңбектерінің арқасында 1926 жылы ғана пайда болды. 1940 жылы ағылшын хирургы Дж.Листердің құрметіне "листериоз" атауы белгіленді. Листериоздың қоздырғышы-қозғалмалы спора түзбейтін полиморфты грам-позитивті таяқша Listeria monocytogenes.
Жұғу жолы алиментарлы (тамақ), байланыс, аэрозоль, трансплацентарлы (сатылас) болуы мүмкін. Адамдар ауруды көбінесе зарарсыздандырылмаған ағынды сулар мен көңді пайдаланған жерлерден жиналған ластанған көкөністер арқылы алиментарлы жолмен жұқтырады.
Берілу факторлары қайнатылмаған сүт, ірімшіктер және басқа да сүт өнімдері, ластанған су болуы мүмкін. Жұмсақ ірімшіктер, сондай-ақ тез дайындалатын тағамдар үлкен қауіп төндіреді.
Листериоз ауруын жұқтырып алуға жиі ықпалын тигізетін тамақ өнімдері:
- тоңазытқыштаұзақмерзімісақталатынөнімдер (тоңазытқыштағы температурадаәжептәуірұзақсақталса, өнімдерде(L. monocytogenes)саны айтарлықтайартуымүмкін);
- L. monocytogenes жоюға мүмкіндік беретін термиялық өңдеу сияқты кейінгі өңдеусіз тұтынылатын өнімдер.
Бұрын бұл аурудың өршуіне дайын тағамдар (мысалы, сарделькалар, паштеттер, ысталған лосось және ферменттелген шикі еттен жасалған шұжықшалар), сүт өнімдері (жұмсақ ірімшіктер, пастерленбеген сүт және балмұздақ), дайын салаттар (майонез қосылған қырыққабат пен сәбіз салаты мен бұршақ өскіндерін қосқанда) және жаңа піскен көкөністер мен жемістердің ықпалы болды.
Алдын алу
Азық-түліктегі L. monocytogenes пастерлеу және термиялық өңдеу кезінде жойылады. Жалпы, листериоздың алдын алу бойынша ұсыныстар басқа тағамдық аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстарға ұқсас. Оларға азық-түлікті қауіпсіз өңдеу және ДДҰ-ның "Азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасын" сақтау кіреді:
2.Шикі тағамдарды термиялық өңдеуден өткен тағамдардан бөлек сақтаңыз.
Бұл тағамдарда болуы мүмкін бактериялардың саны қауіпті деңгейге дейін өспеуі үшін пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі мен сақтау температурасын сақтау маңызды. Өнімдерді тұтынаралдында оларды термиялық өңдеуден өткізу - бактерияларды жоюдың тағы бір тиімді әдісі болып табылады