ЕАЭО-ғамүшемемлекет еңбеккерлерінің Қазақстандағыеңбекөтілітуралымәліметтердікімбереді?
ҚазақстанРеспубликасыЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №163, ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №304 бірлескенбұйрығыменҚазақстанРеспубликасында2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялықэкономикалықодаққамүшемемлекеттердіңеңбекшілерінзейнетақыменқамсыздандырутуралыкелісімдііскеасырубойыншақұзыретті органмен ҚазақстанРеспубликасыныңуәкілеттіоргандарыныңөзараіс - қимыл реттемесіне -(бұданәрі – Реттеме)өзгерістер мен толықтыруларенгізілді. РеттемеҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.03.2021 ж. № 62, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 ж. №249 бұйрығымен бекітіліп, 26.05.2023 ж. күшіне енген.
Реттемеге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек өтілін растау жөніндегі Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдар – "БЖЗҚ" АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және олардың аумақтық бөлімшелері;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органынан Қазақстан Республикасының аумағында еңбек өтілі туралы "Сұраныс" деректемесітөмендегі кезеңде түскен кезде:
- 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының құзыретті органы сұраныс жолдап отырған мүше мемлекеттің құзыретті органына ақпараттық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер негізінде "Жұмыс өтілі туралы" деректемені қоса тіркей отырып, жауап жібереді;
- 1992 жылғы 13 наурыздан бастап 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының құзыретті органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде жұмыс берушіден (оның құқықтық мирасқорынан) немесе мұрағат мекемелерінен қажетті мәліметтерді, құжаттарды талап ету жөнінде іс-шаралар жүргізеді. Оларды алғаннан кейін "Жұмыс өтілі туралы" деректемені толтыру арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органына жібереді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Келісім (бұдан әрі – Келісім) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және еңбекшілер мен оның отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.
Келісім ережелеріне сәйкес:
- еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастыру шарттары мен тәртібі сияқты жағдайда зейнетақы жарналары есебінен жүзеге асырылады (3-бап);
- Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналарына БЖЗҚ-ға аударылған зейнетақы жарналары жатады (1-бап);
- еңбекшілерге (отбасы мүшелеріне) зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары үшін қолданылатын шарттарда жүзеге асырылады (3-бап);
- Келісім шеңберінде тағайындалатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).