Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дан берілетін жерлеугеарналғанбіржолғытөлемгесалық салу

БЖЗҚ-дан берілетін жерлеугеарналғанбіржолғытөлемгесалық салу

"БЖЗҚ" АҚ (бұданәрі – БЖЗҚ) қайтысболғанадамныңзейнетақыжинақтарынанжүзегеасырылатынжерлеугеарналғанбіржолғытөлемгесалық салу тәртібітуралыхабарлайды.

ҚазақстанРеспубликасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтіккодексінің 242-бабының 3-тармағына сәйкес, БЖЗҚ-да зейнетақыжинақтары бар адамқайтысболғанжағдайда, оныңотбасымүшелерінеқайтысболғанадамныңзейнетақыжинақтарыесебіненреспубликалық бюджет туралызаңментиістіқаржыжылынабелгіленгенайлықесептіккөрсеткіштің(АЕК)94 еселенгенмөлшерішегінде, біраққайтысболғанадамныңжекезейнетақышотында бар қаражаттанартықемескөлемдегі жерлеугеарналған біржолғытөлемберіледі. Бұлбіржолғытөлемгежекетабыссалығысалынбайды.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлеммен бірге қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне төленеді.

Бұл ретте "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 341-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен 94 еселенген АЕК мөлшеріндегі сома шегінде жерлеуге арналған төлем алынып тасталатындықтан, қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасына оны төлеу кезінде жеке табыс салығының 10 пайызы стандартты мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 июля 2023
Дата обновления
20 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы