Жаз басталуымен мектеп демалыстарының уақыты жақындайды. Мектеп жанындағы лагерлердің ашылуы, табиғат аясына шығу жорықтары. Жағылған алау маңындағы демалыс жазғы демалыстың өрескел ерекшелігі. Сондықтан ата-аналар мен лагерлер басшылары балалардың оттың қауіптілігі жөнінде білуіне алдын-ала алаңдауы қажет. Жазғы демалыс кезеңінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау мақсатында лагерлерде мына талаптарды орындау керек: аумақ әрдайым тазалықта болуы керек, ғимараттарға және өрт сөндіру су көздеріне жолдардың, өтпелердің және кіре беріс есіктердің, сондай-ақ өрт сөндіру жабдықтары мен құрал-саймандарына қол жетерлік әрдайым еркін (ашық) болуы керек.
Балаларда психологиялық қорғаныш реакциясы жоқ екендігін есте сақтаңыздар, олар отпен ойнаудың ауыр зардаптарын (салдарларын) ойламайды, өрт болған жағдайда олар ғимараттан (бөлмеден) өздігінен шыға алмайды. Аулақ (оңаша) орындарда жасырынуға тырысады. Өз балаларыңызға қатысты мұқияттылық пен сақтық (абайлағыштық) көрсетіңіздер. Оларға отпен ойнау қауіпті екендігін түсіндіріңіздер.
Осыдан басқа, өрттердің қауіптілігі балалардың тентектігінен болса, басқа да себептерден маусым айында тез және оңай жанатын терек мамығының жиналуына байланысты артады және өртке себеп болуы мүмкін. Терек мамығына және оның жиналу жерлеріне уақытылы су құю және тырнауыштардың көмегімен жинап тастау керек. Балаларға мамық тұтанған жағдайда төндіретін қауіп-қатерді түсіндіре отырып, осы жұмысқа оларды тартқан жөн.
Балалардың отпен тентектігіне (ойынына) қарсы күрес – бұл жай ғана өрттермен күрес емес, бұл ең алдымен, біздің балаларымыздың қуанышты, бақытты және дені сау өмірі үшін күрес.
Ақсу қ. ТЖБ