Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан «Балықты» айдау нүктесіне ұсақ қара малдың бруцеллез ауруына байланысты шектеу іс-шараларды белгілеу болып табылады.
Шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан «Балықты» айдау нүктесіне шектеу іс-шаралары белгіленеды.
«Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан «Балықты» айдау нүктесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2 ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Алғабас ауылдық
округінің әкімі А. Рұстемов