Меню

Страницы

Статья

Ең қауіпті улану – сынаппен улану болып табылады.

Ең қауіпті улану – сынаппен улану болып табылады. Бұл факт бірнеше себептерге байланысты жоққа шығарылмайды:

  • металл үйдегі ең қауіпті атмосфералық ластаушы заттардың бірі болып саналады;
  • бұл зат улы түтіндердің пайда болуына байланысты қауіптіліктің жоғары деңгейіне ие;
  • күнделікті өмірде үлкен таралу аймағына ие, яғни әрқайсымызда тыныс алу улануына шалдығып қалу ықтималдығы бар.

 

Химиялық заттармен уланудың негізгі белгілері:

  • қатты бас ауруы;
  • құсқысы келу;
  • жүрек айнуы;
  • диареяның бастапқы белгілері;
  • тез шаршау.

Дереу дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Бұл белгілер басқа аурулардың белгілеріне өте ұқсас, сондықтан сіз сынаппен уланғаныңызды түсінбеуіңіз мүмкін.

Қызуөлшегіштегі сынаппен уланудың алдын алу шаралары

Бұл жағдайда балалар қауіп тобына жатады.  Сынған термометр - ересектердің айқайы және олардың соңынан жазалау жағдайы орын алмайтындығы туралы балаға түсіндіру маңызды. Дегенмен, сынған термометрдің салдарынан үй ішіндегі кез келген адам ауырып қалуы мүмкін. Яғни термометр сынып қалған жағдайда, бала бұл жөнінде ата-анасына дереу айтқаны жөн.

Егер термометр шын мәнінде сынып қалса, қарапайым әрекет алгоритмін орындаңыз:

  • үйдегі адамдарды сыртқа шығарыңыз;
  • резеңке қолғап, аяқ киім киіп, сақтық шараларын сақтай отырып, барлық сынапты мұқият жинаңыз;
  • жұқа қағаз немесе жабысқақ таспаны пайдаланыңыз;
  • жиналған металды шыны ыдысқа салыңыз;
  • термометрден сынапты жинау кезінде оны калий перманганатымен себу керек, содан кейін инесіз шприцпен сынап тамшыларын жинау керек;
  • сынапты алып тастағаннан кейін бөлменің ішін ылғалды жуып-тазалау қажет;
  • аталған жағдайлардың кез-келгенінде тыныштықты сақтау керек, мәселені уақтылы анықтап, оны шешу үшін мамандарды тарту керек.

 

Құрамында сынабы бар заттарды қолданар кезде, қатаң түрде нұсқаулықты қолданыңыздар және сақ болыңыздар!

 

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы