Меню

Страницы

Статья

Балалар арасындағы туберкулез

Туберкулез - туберкулез микобактериялары (Кох таяқшасы) тудыратын жұқпалы ауру, ол қоршаған орта факторларына өте төзімді, төмен температурада да тіршілігін сақтайды. Туберкулез әлеуметтік қауіпті аурулар тобына жатады, өйткені жыл сайын ересектер арасында ғана емес, балалар мен жасөспірімдер арасында да аурудың өсуі байқалады.

Көп жағдайда балалар үйде және отбасында туберкулезді жұқтырады, бірақ балабақшалар мен мектептерде аурудың күрт таралуы мүмкін, ауруханаішілік жұқпа және басқа да қоғамдық орындарда инфекцияның болуы мүмкін. 2 жасқа дейінгі балалар туберкулезге ең сезімтал болып табылады - олар инфекцияның жалпыланған түрлерімен сипатталады (милиарлы туберкулез, туберкулез сепсисі). 2 жастан асқан балалар арасында тыныс алу органдарының туберкулезі жиі кездеседі, әлдеқайда сирек – барлық басқа түрлері.

Қоздырғыш пен микроорганизмнің өзара әрекеттесуінің бастапқы кезеңі баланың туберкулез микобактерияларын жұқтырып алған сәтінен бастап 6 айдан 12 айға дейін созылады. Бұл кезеңде симптомсыз кезең ажыратылады (шамамен 6-8 апта) және туберкулин сынамаларының вирусы – яғни ол Манту реакциясының теріс белгісінен алғаш рет оң белгісіне ауысуы болып табылады. Туберкулин реакцияларының виражы бар бала фтизиатрға жолдануына және бір жыл ішінде маманның бақылауында болуы тиіс. Болашақта мұндай балаларда туберкулез микобактерияларын жұқтыру жағдайы сақталады немесе қолайсыз жағдайларда туберкулездің қандай да бір локалдьды формасы дамуы мүмкін болады.

Балалардағы туберкулездің спецификалық алдын алуы жаңа туған кезеңінде (перзентханада нәрестеге 3-4-ші күні) және 6-7 жаста Мантудың теріс сынамасы бар балаларға оқу жылының бірінші айында (қыркүйек) 1-сынып оқушыларына қайта егу ревакцинациясы жүргізіледі. Балалардағы туберкулездің алдын алу мәселесінде Манту сынамасын салу, санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсарту, балаларды рационалды тамақтандыру, физикалық шынықтыру, туберкулезбен ауыратын ересек адамдарды анықтау маңызды рөл атқарады.

Мәлімет ретінде: БЦЖ вакцинасында туберкулез микобактериясының тірі, бірақ әлсіреген штамдары бар, олар ауру тудыруы мүмкін емес, сондықтан мұндай вакцинация бала үшін қауіпсіз.

Манту туберкулин сынамасы - бұл баланың денесінде туберкулез таяқшаларының болуын анықтауға арналған диагностикалық тест, ол зиянсыз, құрамында тірі микроорганизмдер жоқ және қолданылатын дозада баланың иммундық жүйесіне әсер етпейді.

Балалар арасындағы туберкулезбен күресудің тиімділігі ата-аналарына, және олардың мұндай жаман дерттен қорғап қалам деген қалауы мен ниеттеріне байланысты болады.

 

Дата публикации
27 июня 2023
Дата обновления
27 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы