"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2023 жылғы 22 маусымда "Ашық есік күнін" өткізеді.
Шараның басты тақырыбы - "Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақы калькуляторы".
Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарына қатысты ең көп талқыланатын мәселелердің бірі – зейнетақы төлемдерін қалыптастыру, өйткені, әрбір адам болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды.
Оған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ төлемдеріңізді қазірдің өзінде қалай есептеу керек? Ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы мөлшерін қаншалықты көбейтеді? Инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігі аударылған жағдайда зейнетақымның мөлшері қалай өзгеретінін қалай білуге болады?
Осы және басқа да сұрақтарға Қор мамандары жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" 22 маусым күні онлайн-форматта өтеді (12.00 с.).
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет (https://us05web.zoom.us/j/85717721730?pwd=U3dkMFFPMENycCtBb2FjL0FEVzVudz09). Содан кейін event-кеңестің нөмірі (857 1772 1730) мен паролін (1414) енгізіңіз.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!