Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының № 1 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1.Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылындағы келесі көшелері:
«Молодежная» көшесі «Мұхтар Әуезов» көшесі болып;
«Школьная» көшесі «Жүсіпбек Аймауытов» көшесі болып;
«Зеленая» көшесі «Сәбит Дөнентаев» көшесі болып;
«60 лет Октября» көшесі «Бұқар жырау» көшесі болып;
«Луговая» көшесі «Мәшһүр Жүсіп» көшесі болып;
«Дорожная» көшесі «Ақдала» көшесі болып қайта аталсын.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі Д. Әбілдинов