Стихиялық немесе рұқсат етілмеген сауда дегеніміз не және ол адамдарға не қауіп төндіреді? Азық - түліктің стихиялық саудасы-бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын лицензиясыз сауда, шығу тегі белгісіз азық-түлік саудасы және санитариялық нормалардың толық болмауы. Бұл өнімдер азаматтардың өміріне қауіпті. Бірақ бұл өнімнің сапасына ешкім жауап бермейді, ал сатып алушылар оларды күтіп тұрған қауіп туралы ойламайды.
Сондай-ақ, стихиялық базарлар негізінен көлік магистральдарының жанында орналасқан, осылайша азық-түлікке шаң, автомобильдердің пайдаланылған газдарының иісі сіңіп кетеді.
Әрине, стихиялық сауда әлі де сатып алушыларды арзандығымен тартады. Бірақ бұл үнемдеу алдамшы. Бұл азық-түлікті сатып алу салдары сізге қандай ықпалын тигізетіндігін кім біледі: ауруханаға түсіп қалу, көптеп дәрі-дәрмек сатып алу және денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін қаражатыңызды шамадан тыс ысырап ету. Сіз не тұтынатыңыз жайлы ойлануыңыз керек.
Өзіңізді және жақындарыңыздың денсаулығын сапасыз азық түлік сатып алудан және өткір ішек инфекцияларымен ауыру қаупінен қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз: