2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде "business.enbek.kz" портал арқылы онлайн режимінде, ағымдағы жылдың 15 мамырдан 26 мамырға дейін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады.
Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі (1 380 000 теңге).
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға:
*атаулы әлеуметтік көмек алушылар.
*көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды алушылар.
*асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар.
*онтүстік аймақтардан қоныс аударушылар.
*қандастар (қандас мәртебесі барлар).
*еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар.
*мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.