Міне, жылы күндер де келіп қалды. Ия жазғы каникулды көңіл көтермей, көлге, өзенге шомылмай өткізу мүмкін емес екендігін біз білеміз.
Қазіргі кезде ашық су айдындарында суға түсуге болмайды. Өйткені суға түсу кезеңі басталған жоқ. Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары ашық су айдындағы ережелерді бұзса, олар административті жауапты болады және ереже бұзған үшін штраф төлеуге міндетті болады.
Суға түсу кезеңі ашылғанда жағажай мен суға түскенде кезде де ережелерді сақтау керек.
Жаға жайларға ата-анасыз немесе аға және апаларыңызсыз бармаңыздар. Егер бір жаққа баратын болсаңыздар оларды ескертіңіздер.
Сіздерге бей мәлім жерлерде суға секірмеңіздер және сүңгуге болмайды, ол жерлерде көзге көрінбей жатқан тастар және басқа да бөгде заттар болуы мүмкін.
Аяқтарыңыз жерге жетпейтіндей тереңге бармаңыздар. Ойнап бір – біріңді суға батырмаңдар!
Егер еш қауіп болмаса ересектерді қалжыңдап көмекке шақырмаңыздар. Олар бірінші ретте көмекке келеді, ал егер шын мәнінде бір жағдай болып жатса олар екінші рет сенбей көмекке келмей қалуы мүмкін.
Ақсу қаласының ТЖБ