Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз, тырысқақ!

Тырысқақ-антропонозды, карантинді жұқпалы ауру. Жұқпа таралуының көзі-науқас адам, вибриотасымалдағыш. Жұғу жолы – ауыз – нәжістік. Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су (жиі кездеседі) арқылы адам ағзасына түседі, ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады. Жетекші таралу жолы -  су арқылы, мұндай жағдайда аурулар санының күрт өсуі пайда болады. Маусымдық жылдың жылы уақытына келеді.

Тырысқақ -  бұл жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі, адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды, нәтижесінде ағзаның сусыздануына әкеп соғады. Сондықтан бола, аурудың ағзаның сусыздануына әкеп соғу деңгейі бойынша бірде бір аурумен салыстыруға келмейді.

Тырысқақ инфекциясының алдын алу шаралары:

- жеке бас гигиенасын және қауіпсіз тамақ дайындау ережелерін сақтау.

Бұл ережелерге қолды мұқият жуу, әсіресе тамақ дайындар алдында және тамақтанар алдында, өнімді мұқият термиялық өңдеу және оны ыстық күйінде тұтыну, ауыз суды қайнату немесе арнайы өңдеу, санитария мен жеке күтім құралдарын пайдалану кіреді;

- сапарға  шықанда қауіпсіз тамақ пен суды (соның ішінде мұзды) таңдауға ерекше назар аударыңыз. Егер таңдалған өнімді қайнатуға, пісіруге/қуыруға және тазартуға болмайтын болса (қабығын аршу және т. б.), онда оны тұтынудан бас тартқан дұрыс;

- тек сапалы қайнатылған немесе ауыз су ішіңіз (зауытта өндірілген бөтелкедегі су);

-егер қауіпсіз судан жасалғанына күмәніңіз болса, мұзды пайдаланудан бас тартыңыз.

-жылумен өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз. Бөлме температурасында бірнеше сағат бойы қалдырылған пісірілген тағамдар қосымша қыздырусыз инфекция көзі бола алады;

- шикі теңіз өнімдерін және басқа тағамдарды шикі түрде пайдалануға болмайды. Ерекшелік ретінде-жемістер мен көкөністер, оларды өзіңіз тазалауыңыз керек (қабығынан және т. б.);

- пастерленбеген сүтті ішер алдында, оны қайнатыңыз.

- ластанған су айдындарында, сондай-ақ шомылу үшін белгіленбеген жерлерде шомылуға болмайды. Шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысыңыз.

 

Дата публикации
11 мая 2023
Дата обновления
11 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы