Меню

Страницы

Статья

Абай болыңыз, кене шағу маусымы басталды!

Күн жылына салысымен, кене шағу маусымы басталады. Дей тұрғанмен, адамдардың қала сыртына, табиғат аясына демалуға шығып, жаздың жылы күнінен ләззат алғысы келеді. Дегенмен, орманда серуендеу тек жағымды эмоциялармен ғана емес, сонымен қатар кене шағу қаупімен де байланысты болуы мүмкін.  

Кенелер тек орманда өмір сүреді және адамның басына ағаштардан түседі деп сену дұрыс емес. Кенені кез келген жерде жабыстырып алуға болады. Бұталар мен шөптерге тығылып, кенелер күтіп, өтіп бара жатқан адамның киіміне ептілікпен жабысады.

Адамның денесіне енгеннен кейін кене бірден терісіне енбейді, бірақ ұзақ уақыт бойы ең жұқа терісі бар жерлерді іздейді. Кене шағуының ерекшелігі - олар ауыртпалықсыз, өйткені кененің сілекейінде ауырсынуды басатын зат бар.

Кене шағуының өзі қорқынышты емес, бірақ кене шаққанда немесе оны жаншып тастаған кезде адамның қанына енетін қоздырғыштар өте қауіпті болып келеді. Кенелер тек кене энцефалитінің тасымалдаушысы ғана емес, сонымен қатар кене риккетсиозы, иксодикалық кене боррелиозы немесе Лайм ауруы сияқты басқа инфекциялар да созылмалы аурулардың өршуіне, кене сілекейінің иммундық басым және аллергиялық әсерінен жергілікті және жалпы реакцияның дамуына ықпал етеді.

2022 жылы Ақсу ауданында халық арасында кене шағудың 67 жағдайы, сондай-ақ риккетсиоздың немесе дақ безгегінің 14 жағдайы тіркелді. Ағымдағы жылы кене шағу маусымы сәуір айының басынан басталды, бүгінгі күнге дейін 15 кене шағу жағдайы және расталған диагнозы бар 2 дақ безгегі оқиғасы тіркелді.

Табиғат аясында серуендегенде, саяжайларда жұмыс істегенде, жазғы демалуды жоспарлағанда, жеке басты кенеден қорғау шараларын сақтау – маңызды мәселелердің бірі екенін естеріңізге саламыз. Ол үшін сізге қажет:

- кенелердің шабуылына және олардың киімге енуіне жол бермейтін жағдайларды сақтау;

- табиғатқа шыққанда, кенелер киімнің астына кірмес үшін жеңі ұзын көйлек киіп, жағасы мен жеңін түймелеп, етегін шалбарға, шалбардың балағын шұлыққа салу керек. Басқа орамал байлаған абзал, өрмелеп бара жатқан кенені тез байқау үшін киімнің ашық түсті болғаны абзал;

- дененің ашық жерлеріне және киімге кенені жолатпайтын крем, лосьон, спрей, аэрозоль сынды химиялық заттарды, яғни репелленттерді пайдалану керек. Оларды дәріханалар мен дүкендерден сатып алуға болады;

- кенелер денеге жабысу үшін оңтайлы жер іздейді. Сондықтан шамамен 1,5-2 сағат сайын шаштың арасын, құлақтын тұсын, қолтық пен шаптың маңайын мұқият  тексеріп, кененің жоқ екеніне көз жеткізу қажет;

- орманнан келгеннен соң үйге әкелген барлық заттарды, гүл, өсімдік, киім-кешектеріңізді, үй жануарларын (ит, мысық) мұқият қарау керек;

- кене шаққан жағдайда, 3 күннен артық кешіктірмей тұрғылықты мекенжай бойынша медициналық мекемеге көмекке жүгіну қажет.

Денеге жабысқан кенені тездетіп, медициналық мекемеде алдыртқан жөн, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, өздігінен өте мұқият алу керек, өйткені тұмсығы үзіліп, терінің астында қалып қоюы мүмкін. Кенені пинцетпен тұмсығынан қысып немесе жақындатып жіпті байлап, ақырындап бұрап, жұлып алу қажет. Кененің шаққан орнын йод ерітіндісімен немесе спиртпен өңдеп, қолды сабынмен жуыңыз.

 

 

 

 

Дата публикации
11 мая 2023
Дата обновления
11 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы