Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді

 БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз)

Сонымен қатар, қажетті ақпаратты дауыстық және дауыстық емес байланыс арналары арқылы алу мүмкіндігі бар. Мысалы, Қор операторларынан 1418 қысқа нөмірі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Қоңырау шалу тегін және еліміздің кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірлерінен, сондай-ақ, стационарлық (қалалық) телефоннан қолжетімді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ғана 95 мыңнан астам осындай қоңырау шалулар өңдеуден өтті.

Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған «Онлайн қоңырау шалу» сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ-ның Қашықтықтан кеңес беру департаменті зейнетақы қызметтерін телефон байланысы желісі арқылы ұсынумен қатар, Қордың веб-сайтында немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында орналастырылған дауыссыз байланыс арнасы -- «Бізге жазыңыз» электрондық қызметі, Chat2Desk, What's Aрр, Viber чат, Telegram сияқты виртуалды сервис мессенджері, Facebook, ВКонтакте, Instagram, Тik Tоk әлеуметтік желілеріне берілетін жеке өтініштер, не Қордың enpf@enpf.kz ресми электрондық мекенжайы арқылы зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетіп келеді.       

         Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындай тәсілмен 35 мыңға жуық сұраныс өңделді.

          БЖЗҚ өз қызмет түрлерінің тұтынушыға қолжетімділігін одан әрі жақсарта береді. Хабарласыңыз, біз Сізге міндетті түрде жауап береміз!

Дата публикации
26 апреля 2023
Дата обновления
26 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы