Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
Жыл сайын Қазақстан Республикасында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. 2023 жылы ол 23-29 сәуір аралығында өткізіледі.
Еуропалық иммундау апталығының мақсаты - вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру.
2023 жылғы ЕИА «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен өткізіледі және мынадай негізгі хабарлармаларға назар аударылады.
- «Әрбір доза маңызды»;
- «Уақыт маңызды»;
- «Вакцинация туралы әңгімелеу»;
- «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75-жылдығы».
оңтайлы қорғанысқа қол жеткізу және оны сақтау үшін вакцинаның бірнеше дозасы қажет. Вакцинация күнтізбесіндегі әрбір доза қорғанысты құруға немесе сақтауға арналған. Кез-келген дозаны өткізіп жіберу немесе кешіктіру инфекция мен қауіпті аурудың қаупін арттырады.
Еуропалық иммундау апталығына белсенді қатысыңыз!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!