Меню

Страницы

Статья

Вакцинация бірқатар инфекциялық аурулар көрсеткішін едәуір төмендетті

 

 

 

Әрбір елде бекітілген Ұлттық егу күнтізбесі және оларға қарсы вакцинация жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізімі болады. Сол сияқты Қазақстанның да Үкімет қаулысымен бекітілген Егу күнтізбесі бар. Онда көрсетілген жоспарлы вакциналаудың барлығы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Вакциналау-жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әрі сенімді жолы. Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді, осылайша иммунизация жұқпалы аурулардан қорғап қана қоймай, жалпы қоғам денсаулығына оң әсер етеді. Бірқатар жұқпалы инфекциялардан болатын аурулар мен өлім жағдайларын едәуір азайтады.

Профилактикалық екпелер арнайы дайындықтан өткен мейіргерлермен егу кабинеттерінде жүргізіледі.

      Елімізде профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес бала туылғаннан бастап 56 жасқа дейін 20 инфекциялық ауруға қарсы иммундау жүргізіледі. Ағымдағы жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша жалпы облыс көлемінде инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы прфилактикалық егулермен қамту көрсеткіші 23,7-24,9% құрады. Вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Жүргізілген профилактикалық егулердің арқасында облыс аумағында соңғы 15 жылда дифтерия, полиомиелит, көкжөтел, сіреспе сияқты инфекциялық аурулар тіркелмеген. А, В вирустық гепатиттерімен, сондай-ақ қызамықпен, эпидпаротитпен сырқаттанушылық деңгейі спорадиялық жағдайларға дейін төмендеді.

​      Соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде вакциналаудың қауіпсіздігіне күмән тудыратын, теріс көзқарас қалыптастыратын жарияланымдар саны артты. Мұндай негізсіз ақпараттар адамдар арасында қорқыныш пен сенімсіздіктің белең алуына әсер етеді, сәйкесінше халықтың екпемен қамтылу деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарды уақытылы вакцинациядан өтуге шақырады, себебі бұл жұқпалы аурулардың таралуына қарсы тұрудың жалғыз әрі ұтымды жолы.

 

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы